«Тұлғаның қазіргі қоғамда өзін-өзі нәтижелі жетілдіруі үшін зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту»

 «Тұлғаның қазіргі қоғамда өзін-өзі нәтижелі жетілдіруі үшін  зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту»

(2011-2014 жж.)

    Кіріспе

        Мектептің даму бағдарламасы - оқыту қызметінің мақсаты, міндеті және бағыттары, негізгі тенденциялары, жетістіктері мен мәселелерін, педагогикалық үрдісте мамандық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ оқу-тәрбие жүйесін инновациялық қалыптастыру, соңғы нәтижелердің негізгі жоспарлануы, Бағдарламаны жүзеге асырудың бағалау критерийлерін сипаттайтын ұзақ мерзімді нормативтік-басқару құжаты.

            Бағдарламаны жүзеге асыру үрдісінде мектептің педагогикалық ұжым қызметінде педагогикалық жүйенің моделін жасау ұсынылып, мәні, мазмұны, ұйымдастырылуының бірлігі ескеріліп, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің, бірлестіктердің өнімді  жағдайлары мен факторлары қарастырылады.

  • оқыту үрдісіне қатысушы тұлғалар (мұғалім, оқушы, ата-ана), олардың өзіндік бағасы мен дамуы;
  • гуманизм - адамның қоғамдағы орнын анықтайтын оқыту үрдісінің негізі.  

            Педагогикалық жүйе дегеніміз – тұлғаны қалыптастыруда ұйымдастырушылық, мақсатқа қарай бағытталған және  педагогикалық әсер ету үшін қажетті өзара байланысты әдістер, жабдықтар және үрдістердің жиынтығы. Педагогикалық жүйенің мазмұны:

  • оқушылар, мектеп оқытушылары;
  • тәрбиелеу, оқыту мен дамудың мақсаты (жалпы және жекеше);
  • тәрбиелеу, оқыту мен дамудың мазмұны;
  • тәрбиелеу мен оқыту үрдістері;
  • оқыту үрдісінің ұйымдастырушылық нысандары.

Педагогикалық жүйенің моделі – оқушылардың ата-аналарымен бірге социумдағы қызметтің міндеттері мен бағыттарын анықтайды.

Дамыту бағдарламасын жасаудағы қажеттілік объективті және субъективті себептерге байланысты. Қазіргі қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім беру саласын жаңғыртуды талап етуде. Әлеуметтік тапсырыс, оқушы мен олардың ата-аналарының сұранысы күннен-күнге өзгеруде, демек, оқыту үрдісінің мазмұны да, сондай-ақ оны ұйымдастыру да өзгерістерге ие болуы керек. Мектептің шығармашылық тобының дайындаған Даму бағдарламасы қазіргі күндегі педагогикалық ұжым алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге шақырады.

Бағдарламаны әзірлегендер:

Митасова Людмила Викторовна – мектеп директоры, шығармашылық топтың жетекшісі;

Говорухина Лариса Валериевна, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары;

Мец Оксана Викентьевна, тәрбие жұмыстар жөніндегі директор орынбасары;

Енке Ирина Альбертовна, Серәлімова Сәуле Амантайқызы, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері.

Бағдарламаны орындаушы:

 № 4 «Болашақ» ОДБММИ ММ педагогикалық ұжымы

Бағдарламаның құрылымы:

·        Кіріспе.

·        Ақпараттық-талдамалы анықтама. 

·        Оқыту үрдісінің мәселелі талдауы.

·        Мектептің дамуының тұжырымдамалық негіздері.

·        Стратегия, жаңа жағдайға өту кезеңдері.

Бағдарламаны дайындауда Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары қолданылды.

Бағдарламаны жүзеге асыру: 3 жыл (2011-2014 ж.)

Ақпараттық-талдамалы анықтама

2000-2001 оқу  жылында №2 Кәсіптік лицей базасында дарынды балаларға арналған «Болашақ» пансионаты ұйымдастырылды.

2006 жылы облыстық дарынды балаларға арналған «Болашақ» мамандандырылған №4 мектеп-интернаты ММ жеке мекеме ретінде өзінің қызметін 26.10.2005  жылғы Ақмола облысы әкімшілігінің  № А-11/320 жарғысы негізінде құрылған. Директор: Митасова Людмила Викторовна. Білімі жоғары. Педагогикалық өтілі – 20 жылдан артық, санаты – жоғары. 2008 жылы оған «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағы берілді.

Мектеп ғимараты тоғыз қабатты. 1970 жылы құрылған. Жалпы ауданы – 6887,30 м2. Жылу және сумен қамту жүйесі – орталықтандырылған. Тұрғын бөлмелер саны- 67, өзін-өзі дайындау сыныптарының саны – 11, оқу кабинеттерінің саны  - 16. Компьютерлер саны- 38, ноутбуктар саны -10.  Интерактивті жабдықтар – 6. Лингафонды-мультимедиялық кабинет – 1. Internetке қосылу жүйесінде ADSL бар.

Барлық оқушы саны – 168.

Кешенді сыныптар – 11. Оқу тілі  - орыс тілі. 

Бес мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған.

105 қызметкер жұмыс істейді, соның 29  педагог қызметкер. Жоғары білімді – 28 педагог, орта-арнайы – 1.

Олардан (санаты бойынша):

жоғары санатты – 12 адам;

бірінші – 7 адам;

екінші – 7 адам.

3 педагогқа «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағы берілген.

Үлгерім қорытындысы: білім сапасы – 92,3%, үлгерім – 100%.

ҰБТ тапсыруда білім сапасының қорытынды

 

Жылдар

ҰБТ орташа балл

«Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталғандар саны

Үздік аттестатпен бітіргендер саны

2005 ж.

93,8

 

2

2006 ж.

88

 

1

2007 ж.

93,7

3

 

2008 ж.

102,1

7

3

2009 ж.

98,2

3

1

2010 ж.

106,5

1

1

2011 ж.

       106,7

4

1

 

Ғылыми жарыстарға қатысу нәтижесі

Жарыс түрлері

2008-2009 оқу жылы

2009-2010 оқу жылы

2010-2011оқу жылы

1 орын

2 орын

3 орын

4 орын

Жалпы қатысушылар

1 орын

2 орын

3 орын

4 орын

Жалпы қатысу-шылар

1 орын

2 орын

3 орын

4 орын

Жалпы қатысу-шылар

1

Облыстық олимпиада

6

9

3

2

34

5

6

7

2

26

2

12

8

2

34

2

Президенттік олимпиада

 

 

 

1

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

3

Республикалық

олимпиада

 

1

1

 

3

 

 

1

 

5

 

 

1

1

2

4

Оқушылардың облыстық ғылыми жарысы

 

1

2

 

4

 

 

2

 

8

1

 

3

 

3

5

Оқушылардың республикалық

Ғылыми жарысы

1

(2 оқу)

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

6

«Жарқын  болашақ» қазақ  тілі пәнінен  олимпиада

(облыстық кезең)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

 

 

4

7

«Жарқын  болашақ» қазақ  тілі пәнінен  олимпиада

(республикал. кезең)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

Оқыту үрдісінің мәселелі талдауы

  Мектептің соңғы 3 жылдағы жетістіктерінің талдауы мектеп ұжымының алға қойған міндеттерін нәтижелі шешіп жатыр деген қорытынды шығаруға болады.  Дегенмен, кейбір өзекті мәселелерді 2011-2014 жж. арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында шешу көзделуде.   

    Даму бағдарламасын дайындаудағы қажеттілік ішкі және сыртқы факторлардың талдауымен анықталады.

   1.     Ішкі факторлардың талдауы

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы мектептің оқыту мақсатында жалпы оқытуға жаңа бағыттар қойып, мектептік білім беру жүйесіне жаңа талаптар ұсынуда:

  • негізгі мектепте жалпы білім берудің сапа жетістігімен және қол жетімділікпен қамту;
  • жоғары буында бейінді таңдау мүмкіндігі.

Жалпы білім беретін түрлі кезеңдерде оқыту үрдісін ұйымдастыру моделі мектеп үшін дәстүрлі жағдай,  қазіргі күнде ол жаңалау мәнін қажет етеді,  қазіргі өмір талаптарына сәйкес оқушылардың жаңа тәжірибені алуы білім берудің мазмұнын толығымен жаңартуды талап етіп отыр.        

 Білім берудің дәстүрлі түрінен тұлғаға бағытталған парадигмасына көшу мектептерден оқыту мен тәрбиелеуде технологияларды жетілдіруді талап етеді. Мұғалімдерге өте жоғары талаптар қойылуда.

Қазіргі күнгі мектептерде мынадай өзекті мәселелер бар:

  • балалардың жекелігі қарастырылады;
  • білім берудің «зундық» бағыты сақталынады;
  • балалардың денсаулық көрсеткіші төмендеген;
  • есеюдің жеке мәселелерін шешу үшін әлеуметтендірудің мектеп нысандарының жетіспеушілігі.

Аталған деректерді талдап мыналарды қажет деп санаймыз:

- дарынды баланың жаңа, тұлғалық және дамуға бағытталған білім алуын жүзеге асыру және өңдеу;

-           әлеуметттiкке  карсы ықпалдарға, зиянды әдеттер және мiнез-құлықтың теңбе-тең емес әдiстерiнiң пайда болуына орнықтылықтың қалыптасуы;

-           өзінің бiлiм алу траекториясын оқушының саналы таңдауы үшін жағдай жасау.

 

2.     Ішкі факторлардың талдауы

 Мектеп жұмысындағы оңтайлы кезеңдер мыналар:

  • әжептәуір тұрақты және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар потенциалы (соңғы 3 жылда мектепте мамандар бойынша бос орындар жоқ);
  • мектептің Қамқорлық кеңесі қызмет етеді;
  • оқушылық өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
  • оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүйесі ұйымдастырылған;
  • мектеп түрлі деңгейдегі ғылыми жарыстарда тұрақты нәтижелерді көрсетіп келеді;
  • ҰБТ-те тұрақты көрсеткіштер;

Дегенмен оқыту үрдісін ұйымдастыру және мазмұнында дамыту Бағдарламасын жүзеге асыруға арналған мәселелер де баршылық. Аса өзекті мәселелерге тоқталайық.  

  •  Мектептегі оқыту үрдісінде жекелеудің бай тәжірибесі бар,  жоғары деңгейдегі жекелеуді талап ететін дарынды балалардың  саны көп. Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – дарынды балалар үшін жеке білім алу бағдарламаларын жасау болып табылады. 
  • Екінші жағынан, мектепте  бейінді оқытуға (диагностика және мониторинг, мамандық таңдау жүйесі) көшуге арналған психологиялық қолдау көрсету бойынша жұмыс жүйесі орнатылған.

Дегенмен мектепте өткізілген мектеп олимпиадалары мен мониторингі мынаны көрсетеді: көптеген оқушылар екі және одан да көп пәндерден жоғары көрсеткіштерге ие. Бұл балалар мамандық таңдауда және алдағы уақытта кәсіби өзін-өзі анықтауда ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет етеді. «Оқыту үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету» бағдарламасын жетілдіруге, кеңес алу және диагностика жүйесін ерекше құру қажеттілігіне уақыт келді.  

  •  Мектеп қызметінің тағы да бір бағыты – баланың денелік дамуы. Ол «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру арқылы  жүзеге асады. Соңғы жылдары мектепте суықтап ауырған оқушылардың саны төмендеген, есірткі мәселесі жоқ. Дегенмен, дене шынықтыру және тәулiктiк қимыл белсендiлiгiнiң жүйелi жұмыстарға деген деңгейi жеткiлiктi емес. Бұл мәселені шешу «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жетілдіруде көрінеді.
  • Мектепті басқаруда, оқыту мазмұнында, оқыту үрдісінде қолданылатын нысандар мен әдістердегі инновациялық қызметтерді іске асыру көптеген міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға ықпал етеді.

Дегенмен, ақпараттық техниканың, ақпараттық мәдениет деңгейінің жетіспеуі мектептің алдағы дамуына кедергі жасайды. Пайда болған мәселелерді шешу ақпараттық-талдамалы қызметті, инновациялар банкін құруға байланысты.

Сонымен, талдау мынаны көрсетеді, мектептегі оқыту үрдісіне қатысатын барлық қатысушылардың зияткерлік, шығармашылық, дене және психологиялық дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасалынған. Бірақ, дамыту Бағдарламасын іске асыру барысында шешілетін мәселелер де баршылық.

МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  Мектеп қызметінің негізгі мақсаты мен міндеттері

Мақсат – оқушылардың жеке бiлiм алу траекториясын таңдауды iске асыру  жағдайларымен қамтамасыз ету,  барлық қорларды тиiмдi пайдалану, бiлiмнiң жаңа сапасымен қамтамасыз ететін дарынды балаларға арналған қазіргі күнгі мектеп-интернат моделін құру.

      Міндеттер:

  • ҚР Білім туралы Заңын, мемлекеттік стандарттарды жүзеге асыру;
  • негізгі білімдік бағдарламаларды сапалы игеруді қамтамасыз ету;
  • қоғам дамуының қазіргі  кезеңіне жауап беретін білім деңгейімен қамтамасыз ету;
  • оқытудың мемлекеттік жалпыміндетті стандарт деңгейін жоғарылатумен бейіндік пәндер бойынша оқушыларды оқыту;
  • тұлғаның саналы, рухани және дене дамуы үшін жағымды жағдайлар жасау;
  • жалпыадамилық құндылықтар негізінде азаматты тәрбиелеу;
  • азаматтық пен патриотизмді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
  • мәдениеттілігі жоғары деңгейдегі, қоғамдағы өмірге бейімделген, бейінді және кәсіптік оқыту бағдарламаларын саналы таңдауға және игеруге дайын шығармашыл тұлғаны дамыту;
  • оқушыны алғашқы кәсіптік бағдарлау;
  • оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдана отырып, оқушының өзіндік танымдық қызмет дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • сапалы білім беру мен оқыту үшін білім беру саласында отандық және шетелдік озық тәжірибелерді қолдану;
  • педагогтардың кәсіптік құзыреттілігі мен шығармашылық қызметін дамыту;
  • ЖОО-да оқуды жалғастыруға оқушыларды бағыттау;
  • зияткерлік қабілеттерін дамытуды қамтитын және оқушының оқу қажеттіліктерін қанағаттандыратын бейінді оқыту бағдарламаларын құруға халықаралық стандарттармен бірге даму;
  • ОТҮ ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу, оқытуды ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желіге шығу;
  • оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыруды қамтитын авторлық бағдарламаларды дайындау және енгізу.

 

1.Мектептің әлеуметтік тапсырмасы

Мектептің әлеуметтік-педагогикалық тапсырмасы ауылдық жерлердегі тұрғындардың білім алу қажеттілігін қанағаттандырудан; әлеуметтік және тұлғалық жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ кәсіби, биік өмірлік жетістіктерге ұмтылатын, әлеуметтік және кәсіптік өмірінде өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін теңбе-тең бағалайтын, қоршаған ортаның түрлі өзгеруіне тез бейімделе алатын, өзінің тұлғалық өмір таңдауын еркін жүзеге асыратын, шығармашыл барлық субъекттерді -  мектептің негізгі құндылығын оқыту мен тәрбиелеуден тұрады.

Мектептің басты тапсырмасы – оқушылардың дарындылығының жеке факторларын есепке ала отырып, оқыту үрдісінің субъекттерін жан-жақты дамуға, өзін-өзі жетілдіруге арналған ең жағымды жағдайларды жасау.

 

2. Мектептің негізгі құндылықтары

 

Мектеп өз қызметінде мынадай құндылықтың жиынтығына: оның дамуы үшін негіз болған әдептілік базасына негізделеді.

Қазіргі күнгі отандық педагогиканың негізгі құндылықтары:тұлғаның еркіндігі мен құқықын қамтамасыз ету, баланың құқықы туралы Конвенцияны орындау, жалпыадамилық құндылықтар, патриотизм. Жалпы табиғат, қоршаған адамдар және түрлі мәдениет өкілдерімен ынтымақтасуға және бірігуге бағыттау. Дәстүрлі құндылықтардың дамудың жаңа идеяларымен үндесуі. Отбасы, денсаулық, білім алу, еңбек ету – өмір сүрудің негізі. Еңбек қатынасындағы кәсіби шеберлік және әдептілік – кәсіби өсудің негізі. Мектеп қызметі алдағы уақытта мына құндылықтарға негізделеді:

  • бiлiмді ізгілендірудің идеяларын тану – оқытудың түрін өзгерту үрдісі деп түсінтіріледі;
  • оқушылардың, педагогтардың, тәрбиешілер мен ата-аналардың бір-біріне деген сенімі және құрметтеуі;
  • педагогикалық үрдістің барлық субъекттері үшін жоғары психологиялық жайлылыққа талпыну;
  • балалар ұжымы және мұғалімдер ұжымын өзіндік ұйымдастыруда биік деңгейге талпыну;
  • оқушылар мен мұғалімдердің шығармашыл дамуына ықпал ететін еркін шығармашылық орта жасау;
  • барлық мектеп бітірушілері үшін жоғары стандарттағы білім алумен қамтамасыз ету;
  • мектеп бітірушілерінің кәсіптік бейімделуіне дейін және әлеуметтік қамтамасыз етілуіне талпыну.

 3.  Педагогтың концептуалдық үлгісі

Біздің мектептің педагогы мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  • сұхбат кезінде жалпы және коммуникативті мәдениеттің жоғары деңгейіне, қиын коммуникацияларды ұйымдастырудың теориялық түсінігі мен тәжірибесіне ие болу қажет;
  • сабақ беретін пәнінің теориялық және тәжірибелік жетістіктерін игеруге қабілеттілік: өзектiлiк, жеткiлiктiк, ғылымилық көзқараспен пәндік білімді талдау және жинақтау;
  • инновациялық педагогикалық нәтижелердi алуға және сирек кездесетiн педагогикалық идеяларды жинақтауға мүмкiндiк беретiн жеке сыни қасиеттерді қалыптастыру және дамытуға талпыну;
  • педагогикалық үрдістің басқа субъекттерімен  өзара талдауға түсу және өзіндік талдаудың қажеттілігін қалыптастыру, талдаулық мәдениетке ие болу;
  • әдіскерлік мәдениетке, концептуалдық ойлау шеберлігі мен дағдысына ие болуы керек, педагогикалық үрдіске үлгі жасап және өз әрекеттерінің нәтижесін болжай алуы тиіс;
  • әлеуметтік тәжірибені игеру арқылы педагогикалық үрдістің басқа барлық субъекттерімен өзара дайындығы;
  • ақпараттық ағымдардың көшкiн түрiндегi өсiп келе жатқан жағдайында жан-жақты зерттеулер мен мәлiметтiң түсіндірілу, сақталу, алу мәдениетін игеру;
  • педагог тұлғасының дамуындағы қозғалыстағы идеялардың бірі – кәсіптік бәсекеге қабілеттілік түсінігін қабылдау;
  • кең мағынадағы педагогикалық менеджмент мәдениетіне ие болуы, яғни бұл бәсекеге қабілеттелік жағдайында кәсіптік жетістікті анықтайтын педагогикалық үрдістің соңғы нәтижесін қабылдауға жауапкершілікке және құндылқты таңдауда өзін-өзі анықтауға талпыну; 
  • жүйелі-педагогикалық ойлау туралы теориялық түсінікті қалыптастыру, жалпы және жеке педагогикалық қызметтерді жүйелі зерттеу тәжірибесіне ие болуы;
  • педагогтың жоғары кәсіптік құндылығының бірі – педагогикалық қызметтегі әдістерді ұғыну.

  4. Мектеп бітірушісінің концептуалдық үлгісі

         Мектеп педагогтарының міндеттері – мынадай қасиетке ие болған бітірушіні тәрбиелеу: 

  • қазіргі әлемдегі өмірге дайындау; оның құндылықтарын, адамгершілік нормаларын, мәселелерін шешуге бағыттау; бұл өмірде өзінің рухани сұраныстарын дамыту үшін мүмкіндіктерге бағыттау; әлемді ғылыми тануға, өзінің өмірлік мақсаттарын шебер қоя білуге және оған қол жеткізуге бағыттау;
  • өзінің дене, психикалық және рухани денсаулығын сақтау мен дамыту бойынша өмірлік стратегияларын ойланып, тәжрибелік жүзеге асыру;
  • өзінің жеке өмірін шығармашылықпен құруға қабілеттілік, оны ұлттық және жалпыадамилық құндылықтар негізінде, өз Отанына деген сүйіспеншілік және басқа ұлттардың мәдениетін құрметтеу негізінде саналы ұйымдастыру қабілеттіне ие болуы қажет;
  • коммуникативті мәдениет пен іскерлік қарым-қатынас дағдыларын игеру, қоғамдық және өзінің жеке өмірінде жетістіктерге  жететін, өзін-өзі дамытатын тұлғааралық қатынастарды құру;
  • жоғары танымдық уәж;
  • ойланған шешімдерді қабылдауға, сау және логикалық ойлауға шеберлік, өмірге рационалистік және әсершіл-құндылықпен тіл табуды біріктіру;
  • мамандық таңдауға, қоғамның саяси өміріне бағыттауға, бос уақытында әлеуметтік құнды нысандарды таңдауға, отбасы-тұрмыстық мәселелерді өз бетімен шешуге, өзінің құқықын қорғауға және өз міндетін түсінуге қабілеттілік;
  • өзін-өзі баламалы бағалау (ішкі үйлесім және өзіндік бақылау), дұрыс өмір сүруге талпыну (өзінің жеке-тұлғалық потенциалын еңжоғары дейгеде жүзеге асыру).

 5. Мектеп үлгісі

Аталған бағдарламаның тәжірибелік мәні оқытудың мынадай үлгісін құруға негізделеді:

  • толық жалпы білім алу бағдарламасында жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қамтамасыз ету;
  • оқушылардың жеке оқыту бағдарламасын кең және мықты құру мүмкіндігімен жоғары сынып оқушыларына оқытудың маңызды дифференциациясы үшiн жағдай жасау;
  • олардың қабiлеттiлiктерi, жеке икемдері және қажеттiктерімен сәйкес әртүрлi деңгейдегі оқушыларға толық бағалы бiлiм алуына  мүмкiндiк туғызу;
  • оқушылардың әлеуметтендіру мүмкiндiгiн кеңейту, жалпы және кәсiби бiлiмнiң аралығында үйлесімділікті қамтамасыз ету, жоғарғы кәсiби бiлiмнiң бағдарламаларын игеруiне мектеп бiтiрушiлерiн тиiмді дайындау.

 


            I кезең (8 – 9 сыныптар):

Орта буын міндеті– оқу, зерттеу әрекеттерін мен танымдық қызығушылықты дамыту. Тап осы буында жалпы білімдік пәндермен қоса тереңдетіп оқыту бағдарламасы енгізіледі, сондай-ақ бейіналды дайындықтың бастапқы кезеңі болған оқушылардың таңдау бойынша курстары жүргізіледі. Бұл кезең мынадай міндеттерді шешеді:

1.    Ерекше педагогикалық назар және қолдауды талап ететін жасөспірімдік кезеңде қиындықтарды жеңуге көмектесу;

2.    Балалардың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

3.    Оқушылардың тұрақты денсаулығын қолдау үшін жағдай жасау.

4.    Оқушылардың өзіндік дамуын қалыптастыру.

5.    Жасөспірімдерге қоршаған ортасының қызығушылығын кеңейтуге және кез-келген әрекетінің соңғы нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуге көмектесу

 

II кезең (10-11 сыныптар):

Жоғары мектеп міндеті  -

Өзін кәсіптік анықтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ:

1.   Оқушы тұлғасының жоғары деңгейдегі жалпы зияткерлік дамуын қамтамасыз ету.

2.    Алдағы уақытта кәсіптік қызметін таңдауға мотивациялық дайындықты дамыту.

3.   Тұлғаның алдағы уақытта денелік дамуы.

4. Түрлі шығармашылық әрекеттер негізінде адамгершілік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру.

 

Бағдарламаның мақсаты:

 Оқыту үрдісіне қатысушылардың зияткерлiк-шығармашылық потенциалының дамуы бойынша  педагогикалық жұмыс жүйесiнiң үлгiсiн жасау

  1.     Бағдарламаның негізгі міндеттері:

 

1.      Оқыту үрдісінде басқару технологиясын жетілдіру.

2.      Мұғалiмдердiң әдістемелік қызметін зерттеу қызметіне айналдыра отырып, зияткерлiк және шығармашылық потенциалын үздiксiз дамыту үшiн жағдай жасау.

3.      Оқу үрдісіне жеке жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқыту енгізілсін, ондағы басты мақсат – оның потенциалын дамыту үшін жағымды жағдайлар жасау және оқушының жеке даму траекториясын анықтау.

4.      Жеке даму траекторияларын қолданып, тұлғаның жеке мүмкіндіктерімен сәйкес жоғары сапалы деңгейде әрбір оқушының білім алуын қамтамасыз ету.

5.      Оқушының өмірлік қызметіндегі түрлі нысандарды ескеріп, тәрбие жұмысының жэүйесін жетілдіру.

6.      Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

  1. Ата-аналармен ағарту жұмыстарын дамыту. Дамыту бағдарламасын іске асыруға ата-аналардың зияткерлік-шығармашылық потенциалын тарту.
  2. Оқыту үрдісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін жетілдіру.

 

2.  Бағдарламаны іске асырудың басты бағыттары:

 

1.    Қазіргі күнгі оқыту бағдарламасын іске асыруда оқыту үрдісін жобалау.

2.    Оқытудың мазмұнын жаңарту, оның сапасы мен қол жетімділігін көтеру.

3.    Жаңа оқыту, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу.

4.    Педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай жасау.

5.    Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

6.    Жеке оқыту маршруты және баланың даму траекториясы негізінде оқушының қызметін ұйымдастыру.

7.    Оқыту үрдісіне денсаулықты сақтау технологиясын енгізу үшін жағдай жасау.

8.    Отбасы мен мектептің өзара қызметінің жүйесін дамыту.

9.    Оқушылар, педагогтар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетуді дамыту.

10.  Оқыту үрдісін ақпараттық қамтамасыз ету.

 

 3. Күтілетін соңғы нәтиже

 

1.      Оқыту үрдісіне қатысушылардың зияткерлiк-шығармашылық потенциалының дамуы бойынша  педагогикалық жұмыс жүйесiнiң үлгiсi.

2.      Негізгі және қосымша оқыту бағдарламасының кірігуі.

3.      Дарынды балалармен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды іске асыру.

4.      Педагогтардың шығармашылық потенциалын және кәсіби құзыреттілігін көтеру.

5.      Мектеп оқушыларының оқытудың мемлекеттік стандарттарын сапалы игеруі.

6.      Оқушылардың жоғары деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық қабілеттері.

7.      Оқушылардың дене, психикалық және рухани денсаулығын нығайту.

8.      Лекция, конференция, кеңес беру  жұмыстары арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін көтеру.

9.      Оқушылардың ата-аналарымен бірге ынтымақтасудың жыңа нысандары, социум.

10.  Мектеп педагогтарының әдістемелік материалдарының жинағы.

11.  Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы.

12.  Мұғалім үлгісі.

13.  Оқушы үлгісі.

14.  Инновациялар, жаңа педагогикалық технологиялар банкі.

  1. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту: жаңа электронды техника, оқу-көрнекіліктерін, спорт жабдықтарын сатып алу және мектеп бөлмелеріне сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу, т.б. 

  Жаңа мектеп жағдайына көшу кезеңдері, стратегиялары

 «Барлық ғасырдың өз мәселелері бар, оны адамзаттың өрлеуі шешеді», - деп түсінтіреді Генрих Гейне.

ХХІ ғасырдың дамуына жауап ретінде Қазақстан әлемдік экономикаға, оқыту кеңістігіне шығуға бет алды және оның бюасты бағыттарының бірі – оқытудың ұлттық үлгісін құру: қоғамның элитасын зияткерлік және рухани дайындау.   

ҚР-ның алғашқы жаңа «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) элиталық оқытуға түсінік берілген: «дарынды балаларға арналған арнайы оқыту мекемелерінде іске асырылатын арнайы оқытудың оқу бағдарламалары бойынша алынған білім»

ХХІ ғасырда дарынды балаларға деген қамқорлық - бұл елдi дамытуға арналған қамқорлық,  ертеңгi оның ғылыми потенциалы мен әлеуметтiк өмiрі.

Қазіргі күнде әлемде түрлі теориялық бағыттарда құрылған дарындылықтың бірнеше ондаған ғылыми концепциялары белгілі.

Дегенмен, қазiргi күнгі тұжырымдамалардың көпшiлiгі дарынды балалардың потенциалын iске асыруды анықтайтын факторларының сапа және санына ой жүргізіп,  дарындылықтың түсiнігінде  тұлғаның  бүтiндiк, көп қырлы және сапасының дамуын бiрлестiредi.

Біз оқу мекемемізде «дарынды, данышпан» деген терминдерге абайлап қарайтын және бұл терминдерді «қабілетті, талантты» терминдерімен ауыстырушы ағылшын ғалымдарының пікіріне сүйенеміз.  Дарындылық баланың тап болған мінездемесі болып енді, біржола және мәңгілік біртұтас ретінде қарастырылмайды. Жоғарыда айтылғанға байланысты біз өзін-өзі белсендендіретін, негізгі және бейіндік құзыреттіліктеріне ие болған тұлғаның дарындылығын анықтаймыз.

Біздің мектебіміздің кішкентай тарихын салыстыра отырып, ең алдымен құырылымдық бөлімше (2000-2005 жж.)  ретінде, содан соң жеке оқыту мекемесі (2006 жылдан бастап) ретінде дамып келеміз, біз өз жұмысымызда  оқушының жасырын потеницалына әсер ету қажеттілігі туралы ойды дәлелдеп келеміз, бұл - өздігінен дайындау және факультативтік сабақтарды өткізудің әдісі мен  жүйелі ұйымдастырылуы, «зияткерліктің тетігін іске қосуға» мүмкіндік беретін «толық оқыту күні» катализаторының шеңберінде ұйымдастырылады.

Мектептің тапсырмасын жүзеге асыру үшін біз негізгі принципті жариялаймыз, жақсылыққа тәрбиелеу орын алған, адамның ең жақсы тiрегі, оның  бүгiнгi  табыстарының кешегі табыстарымен салыстыруына тәрбиелеу.  

Біздің мектептің дамуының стратегиялық мақсаттары мыналар:

 

I. Ауылдық жерлерде тұратын дарынды, қабілетті балаларды анықтау.

 

Міндеттер:

1) Мәлімттер жиынтығын құру (2011)

  -Ақмола облысындағы аудандар бойынша 7, 8, 9, сыныптардағы оқушылардың саны;

- пәндік олимпиада, ғылыми жарыстар бойынша таңдау кезеңдерінен өткен оқушылар;

- үздік бағаға оқитын 7, 8, 9 сынып оқушылары;

 

2) Сырттай қашықтықтан оқытылатын мектептерді ұйымдастыру (2011-2012 жж.)

- сырттай қашықтықтан оқытылатын мектептердің жұмысы туралы қағиданы дайындау (2012 жылдың 1 қаңтарына дейін);

- Ақмола облысы  қалалық және аудандық ОБ-інің әдістемелік кабинеттеріне «Эрудит» сырттай қашықтықтан оқытылатын мектеп» жобасымен таныстыру, кеңесте талқылау;

- жазғы пәндік зияткерлік мектебі туралы қағиданы дайындау (ақпан);

- «Жазғы зияткерплік (пәндік) мектеп» жобасын дайындау (ақпан, наурыз).

 

3) Ақмола облысындағы ауылдық жерлерге кәсіптік бағыттау іс-шараларын ұйымдастыру (2012 жылдың науры-мамыр айларында)

 

  II. Дарынды балаларды оқытудың түрлі стратегияларын қолданумен оқыту үрдісін бағыттау

 

Міндеттер:

1) Факультативті сабақтардың мазмұндық деңгейін жетілдіру

- авторлық және факультативті курстарды қорғау және ұсыну;

- оқушылардың дайындалу мақсаты бойынша айқын дифференциалдауды пәндiк факультативтiк топтың жұмысына қосу (пәндiк олимпиадалар, ғылыми зерттеу қызметі, шығармашылық жобалау).

2) Сабақтарда келелі ұстанымды тиімді пайдалану

- бір сынып ішінде дарындылықтың түрлі деңгейіндегі топтарды бөлу;

- материалды үйренуде «үдету» стартегиясын енгізу және  жеке екпінін ескере отырып,  оқушылардың дербес және үй жұмысын ұйымдастыру.

3) Оқытудың нәтижесін сырттай  бағалау (мұғалім тарапынан) өзіндік бағалаудың  ( жеке даму жоспары механизмі және портфолио арқылы) ең жоғары деңгейінде бағаланады:

- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

- «Дебат» әдісін өңдеу;

 - интерактивті және жобалау әдістерін қолдану.

4) Сабақтың маңызды компонентi оқушыларға мықты білім мен шебер дағды беру үшін өнімді ойланудың дағдыларын қолдануды талап ететін материалдарға сүйену қажет.

5) Сабақтың мзмұнын байыту үстінде жұмыс істеу

- ғылыми білімді кіріктіру;

- баланы байқағыштық, бағалау қабiлеті, салыстыру, гипотеза жасау, басқа ойлау операцияларын орындауға арналған жаттығулар бойынша тапсырмалары бар арнайы ойлауды дамытуға бағыттау;

- оқушылардың өзіндік зерттеулерін ұйымдастыру, шығармашылық есептерді шешу (жеке және арнайы топтарда).

 

III. Бейінді оқытуды енгізу арқылы саналы мамандық таңдауды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Міндеттер:

1)      Мамандық таңдау бойынша диагностика (Климов бойынша) өткізу;

2) Оқушылардың пәндік және мамандық таңдауына сүйене, бейінді сыныптарды ұйымдастыру.

3) Бейіналды сыныптарда жалпы мамандықтарды таныстыру үшін таңдау курстары енгізілген.

 

 

IV. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру

Міндеттер:

1)   «Дарын» РПҒО және Облыстық біліктілік көтеру институтымен тақырыптық және оқудың жеті жұбы бойынша өзара әрекет ұйымдастыру.

2)   Қашықтықта өткізілетін педагогикалық олимпиадаларға, жобаларға қатысу.

3)   Қашықтықта өткізілетін халықаралық біліктілікті көтеру курстарынан өту.

4)    «Шебер-сыныптар, педагогикалық идеялар панорамасы арқылы ӘБ отырысы, әдістемелік кеңестер өткізу.

5)   Дарынды балалармен жұмыстың бір нысаны болған шеберлік үйрену.

   

V. Мектептің инфрақұрылымын жетілдіру.

 

Міндеттер:

1) Ағымдағы жөндеуді аяқтау, жеке көрсетілген (кеңістік – аймақтық)

  - психологиялық қызметті:

·                     психолог кабинетін

·                    психотүзету бөлмесін

·                    жаттығу залын

  - мұражай

  - шығармашылық зертханалар

  - жаттығу залы

2) Электронды кітапхана құру.

3) Оқу кабинеттерін жабдықтау:

  - химия кабинеті (міндетті түрде тарту шкафы)

  - лингафондық  кабинет

  - компьютерлік сынып

  - математика кабинеті үшін оқу-дидактикалық материалдары

  - жаңа ұрпаққа интерактивті жабдықтар (5 комплект)

4)  Жағымды демалу алаңын өткізу

5) Демалыс бөлмесін жабдықтау

  - жиһаз (жұмсақ бұрыш)

  - телевизор

  - музыкалық орталық

 

Біздің мектеп енді ғана аяққа тұрып келеді, дегенмен  оқушыларымыздың жетістіктері, педагогтарымыздың шығармашылықтары таңдаған жолдың дұрыстығын дәлелдейді: потенциалды дарынды балаларды анықтау, олардың қабілеттерін дамыту, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың барлық педагогикалық ынтымақтастықтар алдына қойған  мақсат пен  міндеттерді іске асыру.  Жылдан жылға қарастырылып келе жатқан бірқатар өзекті мәселелерге назар аудартқымыз келеді:

-          дарынды балаларды анықтауда аудандардың қызығушылығының жоқтығы;

-          дарынды балаларға арналған арнайы мектептер желісі мен ЖОО-ның арасында әлеуметтік кеңістіктің ойластырылған және регламент белгілеген базалары жоқтың қасы;

-          дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердiң жұмысындағы бөлектенгендiк және жекелiк - Ақмола облысында қандай болса, республика бойынша  негiзiнен осылай.

 

2011-2014 жж. даму кезеңдері

 

I кезең (2011-2012 жж) ақпараттық-талдамалы

 

Міндеттер: Қызмет нәтижелеріне талдау жасап, алдағы кезеңнің міндеттерін, мақсаты мен мәселелерін анықтау.

  1.    Қызмет мазмұны:

§       Өткен 3 жыл ішіндегі оқыту үрдісінің нәтижесін үйрену.

§       Қызметке талдау жасау, жаңа әлеуметтік қажеттіліктердің нәтижелоерін салыстыру.

§       Оқу үрдісіне қатысушыларының қажеттіліктері мен олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру деңгейі туралы ой-пікірлеріне мониторинг жасау.

§       Жаңа білім беру идеяларын сыни ойластыру, ғылыми мақалаларды құқықтық-нормтаивтік мқұжаттарды үйрену.

§        Қызметтің проблемалық жақтарын анықтау.

 

II кезең (2012-2013жж.)   Орындау

Міндеттер:

§        Бағдарламаны енгізуді жүзеге асыру. 

§      Оқыту үрдісі қатысушыларының өзін-өзі дамытуы жәнен жетілдіруі бойынша міндеттері мен бағытын айқындау.

§     Даму бағдарламасының орындалуына жағдай жасау.

§      Өзара шығармашылық пен ынтымақтастың тиімді дамуын қамтамасыз ететін басқару жүесінің механизмін жетілдіру.

 

 

III кезең (2013 – 2014 жж.)   Талдамалы- болжау кезеңі

Міндеттер:

§         Даму бағдарламасыныңорындалу нәтижелерін жүйелеу.

§         даму бағдарламасының орындалу нәтижелеоріне талдау жасау.

§       Заманауи білім беру саясаты мен әліеуметтік тапсырмаларға сәйкес бітіруші моделіне түзетулер енгізу.

§        Педагогикалық жүйенің моделін жасау.

 

Бағдарламаны басқару және оның орындалуына бақылау жасау.

1.  Бағдарламаны орындаушылардың арасында міндеттерді бөліп беру.

2.  Мониторинг жүргізу.

3. Бағдарламаның орындалуы бойынша іс-әрекет жоспарына өз уақытында түзетулер енгізумен, реттеу.

4. Жұмыс нәтижелері бойынша педагогикалық, ғылыми-әдістемелік кеңестерде жыл сайын есеп беру.

5. Бағдарламаның орындалуын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жағынан қамту.

6. Экспериментті іске асыруда белдсенді қатысқан оқытушыларды материалдық және моралдық жағынан ынталандыру механизмдерін дайындау және енгізу. 

 

  Бағдарламаның орындалу барысы мен нәтижелерге мониторинг жасау

1.     Даму бағдарламасы орындалуы бойынша жұмыс нәтижесі әр жылы тамыз айындағы педагогикалық кеңесте оқыту үрдісі нәтижелері мен әдістемелік ұйым қызметі нәтижелеріне талдау жасау негізінде қорытындыланады. 

2.     Педагогикалық кеңесте мектептің даму бағдарламасы орындалу жоспарына түзету енгізіліп, келесі кезеңнің мақсаты мен міндеттері анықталады.

3.   Триместрде бір рет даму бағдарламасының орындалуы бойынша әдістемелік ұйымның, ғылыми-әдістемелік кеңестің құзыреттілік туралы отырысында қорытынды есебі тыңдалады.    

4.     Бағдарламаның негізгі индикаторларының ай сайынғы талдауы жүргізіледі.

 

 Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары

 

Негізгі бағыттар

Жұмыстардың негізгі түрлері

Орындауға жауаптылар

Ұйымдастырушылық іс-шаралар

Эксперимент қатысушыларының қызметтік міндеттерін бөлу

Директор

Даму бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелерін талқылау бойынша мектептің ҒӘК отырысы.

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Даму бағдарламасын іске асыруды талқылауға арналған педкеңестерді дайындау және өткізу

Директор,

ҒӘЖ, ТЖ жөніндегі директор орынбасары

Бағдараламаны дайындау және енгізу

ҒӘЖ, ТЖ жөніндегі директор орынбасары

Номативтік-құқықтық базаны құру және жетілдіру

ӘБ жетекшілері,, ҒӘК мүшелері, ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Педұжымның  жұмысының тиімділігі мониторингі үшін критерийлер мен көрсеткіштерді әзірлеу.

Директор,

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Педагогикалық ұжым жұмысының мониторингін жүргізу

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, психолог

Күтілген нәтижелермен алынған нәтижелердің айырмашылығын мониторингтегі деректермен өңдеу

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, психолог

Ақпараттық қамту жүйесін құру, ақпараттық-әдістемелік базаның толықтырылуы

Кітапхана меңгерушісі, ТЖ жөніндегі директор орынбасары, ӘБ жетекшілері

Бағдараламаны іске асыруға қатысушыларға кеңестік көмек беру

Директор, психолог, ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Бағдарламаны іске асырудың жеке кезеңдеріне жүйелі қорытынды жасау

Директор

Түрлі деңгейдегі жарыстарға, байқауларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға педұжым мүшелерін дайындау

ҒӘЖ, ТЖ жөніндегі директор орынбасары

Оқушылар үшін жоғары деңгейдегі арнайы курс жұмыстарын ұйымдастыру

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, пән мұғалімдері

Мамандармен қамту

Семинар, курстық дайындық, стажировка жұмыстарын ұйымдастыру арқылы кәсіптік құзыреттілікті көтеру

ҒӘЖ және ТЖ жөніндегі директор орынбасарлары

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда кеңестік көмектесу

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, психолог

Инновациялық жобалардың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштерді өңдеуге мектеп педагогтарын тарту

ТЖ жөніндегі директор орынбасары, психолог

Авторлық бағдарламалар жасауға әдістемелік көмек

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Баланың оқу жетістіктерінің жеке траекториясында. Оқу бағдарламаларын құру және іске асыруда әдістемелік көмек

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, психолог

Мәселелер бойынша мұғалімді ғылыми-әдістемелік оқулықтармен қамту

Кітапхана меңгерушісі, ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Ынтымақтасудың шығармашылық ортасын құру

Директор

Балалардың үстемдік қабілеттерін дамыту бойынша нақты жәрдем көрсету.

Психолог

Балалармен жұмыс жасауда жаңа технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау.

ҒӘЖ, ТЖ жөніндегі директор орынбасары

Ата-аналармен жұмыс.

Ағартушылық және кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру.

ТЖ жөніндегі директор орынбасары

Баланың дарындылығын дамыту мен тәрбиелеуде ата-аналарға психолого-педагогикалық көмек көрсету.

Психолог

 

Дарынды балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді стилін жасау.

Психолог

Ата-аналарды Денсаулық, кәсіптік бағыт, «Отбасы мен мектептің өзара қатынасы» Бағдарламаларына қатыстыру. 

ТЖ жөніндегі директор орынбасары, ӘБ жетекшілері

Оқушылармен жұмыс.

Балалардың әр түрлі қызмет саласындағы дарындылығын анықтап оны дамытып отыру.  

Психолог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

Балада ұнамды ынталануды қалыптастыру.

Психолог, классные руководители, учителя-предметники

Оқушыларды әлеуметтік қолдау

Психолог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

Балаларды олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға, түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға дайындау.

ТЖ жөніндегі директор орынбасары, пән мұғалімдері

Мектеп оқушыларының ғылыми қауымдастығында қатысуы.

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары

Жоғары сынып Кеңесінің конференциясы, Өзін-өзі басқару күнін өткізу.

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, жоғары сынып кеңесінің мүшелері

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқауы.

пән мұғалімдері, ӘБ жетекшілері

Ғалыми баяндамалар үстінде  жұмыс. Ғылыми-практикалық конференцияға дайындық.

Пән мұғалімдері

Ғылыми-әдістемелік қамту

Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметтеріне басшылық жасау.

ҒӘЖ жөніндегі директор орынбасары, ӘБ жетекшілері

Бағдарламаның орындалу барысы жайында және қызмет нәтижелері туралы жариялауға дайындық. 

ТЖ жөніндегі директор орынбасары

 

 

 

 

Автор: Говорухина Л.В.
Просмотров: 193
Дата создания: 12 марта 2012 г.
Дата редактирования: 12 марта 2012 г.